Тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет./Для предоставления бесплатного и льготного питаниянужно сдать следующие документы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 42" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№42 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7 (7232) 62-38-32
Бухгалтерия:
+7 (7232) 62-38-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет./Для предоставления бесплатного и льготного питаниянужно сдать следующие документы
30
қаңтар
2023

Тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет./Для предоставления бесплатного и льготного питаниянужно сдать следующие документы

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен 
тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және 
жеңілдетілген тамақтандыруды үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет.

Құжаттардың тізбесі:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат 

(жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің 

көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);

4) АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе 

бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

5) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:

*мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - 

көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік 

атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

*жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы 

әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар 

(жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, 

кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және 

басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);

*отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық 

тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

*төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және 

білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен 

тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі.

Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.